Димаш Құдайберген Ресейде жыл әншісі атанды | Жұлдыз FM

Димаш Құдайберген Ресейде жыл әншісі атанды

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Ресейде "Жылдың ең үздік әншісі" атағына ие болды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін "Жыл әні" сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рақмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша қазақстандықтардың және барлық #dears-тардың құрметіне арнадым", - деп жазған Димаш Құдайберген.

 

Еске салсақ, бұған дейін Димаш ресейлік "Виктория" музыкалық сыйлығында "Жыл ашылуы" және "Классикалық музыка орындауда жыл вокалшысы" номинациялары бойынша марапатқа ие болған.
 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5997
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5335