Димаштың жаңа әні Қытайдың QQ Music платформасында рекорд жасады | Жұлдыз FM

Димаштың жаңа әні Қытайдың QQ Music платформасында рекорд жасады

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің "We Are One" (Біз бірбіз) атты жаңа композициясы Қытайдың QQ Music музыкалық платформасында алтын сертификат алды.

COVID-19-ға қарсы күрес жайлы ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексіне ие болып, алтын сертификат алды.

 

 

Димаш Құдайбергенов "We Are One" атты әнін эпидемиямен күрестің алдыңғы шебінде тұрған барлық дәрігерге, оқшауланған адамдарға арнады.

"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күресіп, қиын кезеңді бастан өткеруде. Қорқынышты ауруға қарсы топтасып, бір-бірімізге қиын-қыстау күндерде көмектесу арқылы ғана біз COVID-19-ды жеңе аламыз. Бұл ән эпидемиямен күрестің негізгі майданында тұрған дәрігерлерге және оқшауланған адамдарға арналған", - деді Димаш Құдайберген.

Добавить комментарий

Другие новости:

7-28 маусым аралығында танымал қытайлық Sina платформасында Sina News және Sina Entertainment ұйымдастырған Leading 2020 Sina Entertainment Festival...
30.06.2020
105
Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым...
29.06.2020
128
Жақсы жаңалықпен әнші желідегі парақшасында бөлісті. "Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні...
11.06.2020
141