5-6 шілдеде Қазақстан астанасында The Spirit of Eurasia 2019 заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді.
Осы екі күнде елорданың басты open-air алаңының сахнасына EthnoWorld жанрында өнер көрсететін әлемнің 14 елінен 13 керемет ұжым келеді. Сахнада тағы да әр түрлі халықтың, тіл мен құрлықтың мәдениеті көрсетіледі. Фестивальдің өтетін орны Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі open-air алаңына айналған - "Бәйтерек" монументі алдындағы орын. Жұма, сенбі күндері болатын концерт сағат 17.00-де басталады, кіру тегін.
The Spirit of Eurasia елордалық көрермендердің сүйікті The Spirit of Astana фестивалінің жетілдірілген түрі. Ол бүкіл Еуразия құрлығынан әртістерді жинап, шараның географиясын кеңейткен. Тамаша концептуалды шоу Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, Қазақстандағы жастар жылы аясында өтеді.
Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақ үйі қарсы алады. Фестивальдің ресми суы - Calypso.
Добавить комментарий