The Ring, LA Times, Fox Sports басылымдарындағы жұмысымен танымал журналист Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы трилогияға қатысты инсайдерлік ақпараттарын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Дереккөздердің хабарлауынша, Golden Boy Promotions пен "Канело" қыркүйекте Головкинмен трилогия өткізуге қарсы болып отыр. Оның орнына "Канело" 14 қыркүйекте Каллум Смитпен не Сергей Ковалевпен жұдырықтасып, GGG-мен жекпе-жекті 2020 жылдың мамырына қалдыруды қалайды.
Бірақ әлі де "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жектің 14 қыркүйекте өту мүмкіндігі бар. Әзірше ештеңе шешілген жоқ. GGG мен DAZN осыны қалап отыр. Енді "Канелоның" не шешетінін көрейік", - деп жазды инсайдер Twitter желісінде.
Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысын өткізген еді. Қазақстандық боксшы канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жектен кейін ол Альваресті трилогия ұйымдастыруға шақырып, оны қыркүйекте өткізуді ұсынған.
Добавить комментарий