Қазақстандық әнші Әділхан Макин халықаралық "Витебск-2019" жас орындаушылар байқауында көш бастап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews тілшісі Минск-Новости сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Әділхан Макин 89 ұпаймен көш бастап тұр. Ол Игорь Николаевтің "Озеро надежды" әнін орындады.
Израильдік Илай есімді байқаудың қатысушысы қазақстандық әншіден екі ұпай (87 ұпай) қалып келеді. Екі қатысушы 86 ұпайдан жинады: грузиялық Георгий Путкарадзе мен украиналық Дмитрий Бабак.
Добавить комментарий