Қазақстанда президенттік сайлау 9 маусым күні өтеді. КВН-ші, шоумен Нұрлан Қоянбаев желіде өзінің президенттік сайлауға түсетіні жайлы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгін БАҚ беттерінде "КВН одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігі алдағы сайлауға өз үміткерлері ретінде Нұрлан Қоянбаевты ұсынғаны жайлы ақпарат тараған болатын.
"Мұның жалған ақпарат екені анық. Бұған біреудің сеніп қалғаны қызық екен. Ресми түрде мәлімдеймін президенттік сайлауға өз кандидатурамды ұсыну үшін ешқандай әрекет жасамадым", - дейді Қоянбаев.
Добавить комментарий