Рианна дүние жүзі бойынша ең бай әнші атанды | Жұлдыз FM

Рианна дүние жүзі бойынша ең бай әнші атанды

Forbes нұсқасы бойынша 31 жастағы танымал әнші Рианна ең бай әнші деп танылды. Оның табысы бүгінгі таңда 600 млн АҚШ дорлларын құраған деп хабарлайды forbes.com 

Басылымның мәліметінше, мұндай көрсеткішпен Рианна әріптестері Мадонна ($570 миллион), Селин Дион ($450 миллион) мен Бейонсе ( $400 миллиолн) секілді әншілерді басып озған.

Рианна байлығының негізгі бөлігін люкс тауарлар нарығындағы басты ойыншы - LVMH Moet Hennessy Louis Vuitton халықаралық компаниясымен серіктестігінің арқасында тапқан.

Ағымдағы жылдың мамырында атақты LVMH компаниясымен біріккен әнші бағалы акссесуарлар мен киім сататын жеке сән үйін ашты. Ал 2017 жылы Рианна атаулы компаниямен бірге Fenty Beauty кометикалық брендін дүниеге әкелді. Сол жылдың қыркүйек айында косметикалар Sephora дүкендерінде сатылымға түсті.

Рианнаның Instagram әлеуметтік желісіндегі 71 миллион оқырманының көмегімен алғашқы бірнеше аптада сән үйі 100 миллион доллар табыс тапты.

Сән үйі алғашқы бірнеше апталарда барлық тауарды сатып үлгерген. Ал өткен жылы Fenty Beauty косметикалық брендінің табысы 570 миллион долларды құрады. Бұл кәсіпке 15 ай бұрын келген сән үйі үшін жақсы көрсеткіш еді.

Forbes-тың жазуынша, LVMH компаниясы табыстың 50 пайызын, ал Рианна 15 пайызын иеленіп отыр.

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
12163
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
5995
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
5334