"Өмір заңы" атты тың туынды ғашығына деген сағынышын айтып жатқан адамның жан сырын, ішкі сезімін айқындайды. Бейнебаян да адамға сағыныш сезімін ұялатып, бойыңды баурап алады.
Роза Рымбаеваның шығармашылығындағы бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып Әли Оқапов желідегі парақшасында бөлісті.
"Роза Рымбаеваның "Өмір заңы" атты әніне түсірілген бейнеклипін қарсы алыңыздар!" - деп жазды Әли Оқапов.
Туынды қазақ және орыс тілдерінде тыңдарманға ұсынылған. Жаңа бейнебаянды халық жақсы қабылдап, ақ тілектерін жаудыруда.
Добавить комментарий