Төреғали Төреәлі бала күнінде Мейрамбек Бесбаевпен қалай танысқанын айтты | Жұлдыз FM

Төреғали Төреәлі бала күнінде Мейрамбек Бесбаевпен қалай танысқанын айтты

Танымал әнші, айтыскер Төреғали Төреәлі бала күнінде Мейрамбек Бесбаевпен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қызықты әңгімесін жариялады.

Төреғали Төреәлінің айтуынша, ол кездері отбасымен Байқоңырда тұрады.

"Қыдырманың баласы әуп деп жылайды" дегенді даңғайыр жырау Алмас Алматов ағамнан естіп көпке дейін күліп жүріп едім. Менің әкем өнердің айналасында жүрген соң біз де сол аураға бала жастан бой үйретіп өстік. Баланы қонағының батасымен, ыстық ықыласымен тәрбиелейтін ұлттық дәстүр біз этаж үйде де хал-қадірінше жалғасып жататын. Байқоңырда тұрамыз сол", - деп әңгімесін бастады ол.

Әншінің үйіне алғаш "Музарт" тобы кергенде ол алтыдан жетінші сыныпқа көшкен уақыт екен.

"Бір күні аспан сөгіліп, жұлдыздар төгіліп кеткендей үйге "Музарт" тобы сау ете қалды. Менің алтыдан жетінші сыныпқа өтіп тұрған шағым.

Ол кісілердің атағы жер жарып тұрмаған кезі жоқ шығар, бірақ мені бала қиялыма сол атақты, құрмет қошеметті қарапайым ғана көтеріп жүрген адамдарды көру бәрібір ауыр еді.

Мейрамбек ағам концерттен шаршап шыққан болу керек, бас жуып алғысы келді білем, біздің үйде қайбір ұста, сантехник бар ваннаның су ағатын басындағы себезгісі жұлынып, шлангасы ғана қалған. Қысылып, қызарып тұрмыз", - дейді ол.

Сонда Мейрамбек Бесбаев "Су ағып тұрса болды, ештеңе етпейді, бәрімізге таныс жағдай ғой, сен құйып жібер қайта" деп болашақ айтыскер балаға бұрылыпты.

"Мен қолым дірілдеп іске кірістім. Жұрт осы үлкен кісілердің "қолына су құйдым" деп мақтанып жатады ғой, ал мен Мейрамбек ағаның басына су құю құрметіне ие болғам если чё", - деп мақтанды Төреғали Төреәлі.

"Әзіл ғой, содан концерттен кейін үлкен банкет болды. Ығы-жығы адам.
Тілек айтушылардың санында есеп жоқ", - деп жалғастырды әнші.

Сол қалың топтың ішінен Мейрамбек Бесбаев оны көзімен тауып алып, асабаға "мына бала тілек айтсын" депті.

"Мен де соны күтіп тұрғандай тақылдай, тақпақтай жөнелдім. Көзіңнің астымен "мұным қалай" дегендей ұрланып қарауды ұмытпайсың ғой. Сонда Мейрамбек аға "мына бала дворецте жүретен оның ішінде випте уже Гуля апайдың ұрысын естіп жүруге жарайтын бала ғой, жарайсың інім" деп өзім зорға тұрғанда мақтай жөнелді. Қолтығымның астынан қанат жарып шыққандай қомданып, ұшып кетуге сәл-ақ қалдым", - дейді ол.

Төреғали Төреәлінің айтуынша, сол жолы өнердегі тұсауы кесілді.

"Мың жылқыдан Тайбурылды танығандай, аузы дуалы Мейрамбек ағамды осы күні дворецке барған сайын, Гуля апайдың ұрысын естіген сайын күліп, риза болып еске алам. Біреу ұрсып жатқанда күліп тұрған ол кісіге де оңай емес қой, бірақ менің ол кезде Байқоңырдың ресторанында тұрғанымды қайдан білсін ол кісі. Сол жолы өнердегі тұсауым кесілді. Менің өмірімде талай ағалардың, жанашырдардың орны бар, бірақ "Мұзарт" ерекше ыстық", - деп әңгімесін аяқтады әнші (Грамматика, пунктуация сақталған - автор).

 

 

 

Добавить комментарий

Другие новости:

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "America's Got Talent" шоуының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоудың 15-...
23.09.2020
13420
Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана...
24.08.2020
6875
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың ширек финалы жақында...
20.08.2020
6158