Байзақова құпиясын ашты, деп хабарлады блогер қыз өз Instagram парақшасында.
Әлеуметтік желіде танымал Айжан Байзақованың тұрмысқа шығып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ұлының әкесімен шаңырақ көтеріп жатыр деп болжам жасаған жұрт Байзақованы жарыса құттықтаған. Алайда, блогер басқа адамға тұрмысқа шығап жатқанын айтып, құпиясын ашты.
"Достар, мен осы уақытқа дейін үндемей келдім, ештеңе айтқым келмеген. Алайда, сіздер соңғы кезде баламның әкесін құттықтай бастадыңыздар. Мен ұлымның әкесіне емес, басқа азаматқа тұрмысқа шығамын. Өтініш менің болашақ күйеуіме тиіспеңіздерші", - деген бейнежазба жүтеді Байзақова.
Добавить комментарий