Жақында ғана екінші мәрте ана атанған Жұлдыз Өмірғали перзентханадан шықты.
Айқын төртінші мәрте әке атанған күні көпшіліктен сүйінші сұрап, инстаграм арқылы қызды болғанын хабарлаған еді.
Айя Айқынқызының салмағы екі жарым келі, бойы 48 сантиметр болып дүниеге келген.
Айта кетейік, Айқын мен Жұлдыздың ортақ некесінен Санжар есімді балақай бар. Бірнеше жыл бұрын атышулы жұп жеке өмірін жұрттан жасырғанымен, 2018 жылдың тамызында ерлі-зайыпты екенін ресми түрде хабарлаған еді. Ал Төлепбергеннің алғашқы отбасында Аңсар атты ұлы мен Асылым есімді қызы өсіп келеді.
Добавить комментарий