Төреғали Төрәлі көрерменге жаңа кино ұсынбақ, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.
Киноиндустирияда Қайрат Нұртастың ізін жалғап, «Ұлы дала баласы» картинасын халыққа ұсынған Төрештің бұл салаға деген қызығушылығы арта түскен. Айтыста да, әншілікте де бақ сынап, халықтың сүйіктісіне айналған өнер иесі тағы да кино түсірмек. Әнші бұл туындысын сахнада жүргеніне 10 жыл толуына орай халыққа ұсынамын дейді.
«Еңбектің түбі - жеңбек. Биыл күзде сахнада жүргеніме 10 жыл. Сол мерейтой аясында «Ұлы дала шпионы» деген фильм түсірейін деп жатырмыз», - дейді Төреғали.
Сонымен қатар, әнші Ұшқын Жамалбекпен жаңа бейнебаянның да жұмысын бастап кеткен. Қазақи нақыштағы бұл туынды «Тақия» деп аталмақ. Дегенмен, Төреғали бұл бейнебаянда тек орындаушы ғана екен.
«Оны Ұшқыннан сұраңыз, авторы сол. Мен тек орындаушымын», - деді Төреғали Төрәлі.
Добавить комментарий