Ержан Максим халықаралық «Балалар Евровидениесі» байқауына барады. Бұл жайында өз Facebook парақшасында Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Дәурен Абаев бөлісті.
«Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді», - деп жазды министр.
Добавить комментарий