Өнер иесі қиын сәтте өзін қолдаған тыңдармандарына алғысын айтып, қазір бәрі дұрыс екенін инстаграм желісі арқылы жеткізді.
Әнші оған қоса, оқиғаның мән-жайын кейінірек толық айтып беремін деп жазды.
"Қайырлы кеш инста достарым! Баршаларыңызға дұғада болып, мені қолдап жатқандарыңызға алғысым шексіз! Қазіргі таңда үйде дәрігердің бақылауындамын! Ең бірінші Алланың және сіздердің арқаларыңызда аман-есен үйде жүріп жүрмін. Аллаға шүкір қазіргі таңда денсаулығым жақсарып келе жатыр. Интернет желісінде мен жайлы жалған ақпараттар көбейіп кетті, сол себептен болған көлік апаты жайлы жақын арада өзім айтып беретін боламын!" - дейді Сиви Махмуди.
Артынша Сиви ханым тойдағы суретін жүктеп, осы салтанатты кештен кейін апатқа ұшырағанын жеткізді.
"Осы әдемі тойдан кейін апатқа ұшырадық. Әдемі суретімді жұктеп үлгере алмадым. Аман болыңыздар. Сол күні бәрі киіміме ғашық болған еді", - дейді Сиви Махмуди.
Add new comment