Дильназ Ахмадиева өзіне теріс пікір жазып, істі болған жігіт жайлы айтып берді. Әнші желіде ұлтына қатысты жазба қалдырып, ұлтаралық араздықты туындатқан азаматтың ісін соңына дейін алып баратынын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Иә, расымен болған нәрсе. Қазір істі соңына дейін жеткізу үстіндеміз. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Сондықтан істі толыққанды ашып айта алмаймын. Бірақ менде бәрі көріп үлгерген скриншоттар бар.
Сот ісі аяқталған бойда, сіздерге барлығын дәлелдермен көрсетемін. Тағы айта кетерім, бұл оның тек алғашқы хаттарының бірі", - дейді Дильназ Ахмадиева.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Дильназ Ахмадиеваға теріс пікір жазған азамат жауапқа тартылғаны жайлы жазған болатынбыз.
Add new comment